Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
— Өткен аптада ғана Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша тиісті препараттарды шұғыл түрде сатып алу туралы қаулыға дауыс бердік және барлық мал толығымен вакциналанады. Әсіресе шекара маңындағы елді мекендерде ветеринарлық қорғау күшейтілді. Сондықтан қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселе бойынша өте белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, — деп жауап берді Қ. Бозымбаев Үкімет үйінде өткен брифингте.
Спикердің айтуынша, әзірге Қазақстанда елеулі фактілер анықталған жоқ.
Айта кетейік, Ресейдің бірқатар өңірінде пастереллез тарап, эпизоотиялық жағдай нашарлап жатыр.