Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 19 маусым - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау барысында жалпы көлемі 6 тонна болатын жаңа піскен қиярды Ресей Федерациясына кері қайтарды.
Аталған шараны қабылдауға карантиндік өнімнің фитосанитариялық бақылау мен қадағалаудан заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес өткізілмеуі негіз болды.
"Фитосанитариялық талаптарды сақтау елдің карантиндік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алудың, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғаудың міндетті талабы", - дейді министрлік.
Айтуларынша, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өсімдіктер карантині саласында заңнама талаптарын қатаң сақтап, белгіленген бақылау рәсімдерінен уақтылы өтуді қамтамасыз етуі қажет.