Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан Ресей Федерациясынан кіргізілмек болған тауық жұмыртқалары кері қайтарылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
252 мың данаветеринариялық құжаттарсыз болған.
""Жайсаң" ветеринариялық бақылау бекетінде втеринариялық бақылау қызметкерлері Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына бағыт алған көлік құралын бақылау барысында тасымалданатын жүкке қажетті ветеринариялық құжаттардың жоқ екенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған құқық бұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылып, жұмыртқа Ресейге кері қайтарылды.
Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу қағидалары түсіндірілді.