Ресейден Қазақстанға жіберілетін жолбарыстар қалай іріктеліп жатыр

29.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Ресейлік мамандар Қазақстанға жіберілетін Амур жолбарыстары қалай іріктелетінін түсіндірді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Амурский тигр" орталығының бас директоры Сергей Арамилевтің айтуынша, жануарлардың денсаулығына баса назар аударылады.

"Олардың жарақаттары болмауы керек. Сосын тұяқты жануарларды аулау қабілеті мен адамды көргенде қалыпты реакциясы болуы шарт. Осындай жолбарыстар іріктелген бойда Қазақстанға жіберіледі", - дейді Арамилев.

Ал Қазақстандағы орталықта жолбарыстардың аң аулау қабілеті тексеріледі. Адамға деген реакциясына да бақылау жасалады. Бәрі ойдағыдай болса, жануарларды далаға жібереді.

"Негізі, жолбарыстарды басқа жерге көшіргенде арнайы аулап жатпайды. Анасыз қалған күшіктерін немесе профилактикалық мақсатта ұсталған жас жолбарыстарды алады. Жас жолбарыстарды ішкі қақтығыстар болмасын деп алдын ала аулайды. Қазіргі кезде кандидаттар бар. Бірден төртеуін жіберу үшін іріктеу шаралары атқарылып жатыр", - деп атап көрсетті орталық директоры.

Ресейлік мамандар Қазақстандағы әріптестеріне де көмектеседі.

Айта кетері, Сырдария өзенінің бойындағы қалың қамыс Тұран жолбарыстарының негізгі мекені болған. 2022 жылы Қазақстан мен Ресей жолбарыстарды қайта жерсіндіру туралы келісімді рәсімдеген болатын. Ал 2025 жылы екі ел президентінің қатысуымен бірлескен шаралар жоспарына қол қойылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью