Ресейден жеткізілген Амур жолбарыстарына есім берілді

10.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Аталық жолбарысқа Амур, аналық жолбарысқа Үміт есімі берілді. Ал олардың күшіктері Тұран және Уссури деп аталды.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жануарлар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар бейімделу кезеңінен өтіп жатыр.

Мамандардың сөзінше, жолбарыстар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр.

«Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Жіберу алдында жолбарыстар спутниктік қарғыбаулармен жабдықталады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.

Бағалы сый: Қазақстан аумағына төрт Амур жолбарысы әкелінді

Еске салайық, 27 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында Қазақстанға төрт Амур жолбарысының әкелінуін Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы оқиға деп атады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью