Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: istockphoto.com
Оның айтуынша, елге ұзақ мерзімге немесе жұмыс істеуге келетін әрбір мигрант тіркеуден өткен кезде арнайы телефон сатып алуы тиіс. Телефон арқылы құқық қорғау органдары құрылғыдағы мигранттың электрондық профилін қадағалап, оның орналасқан жерін бақылай алады.
«Ресейге келетін әрбір мигрант, әсіресе жұмыс істеуге немесе ұзақ уақытқа келген азамат тіркеуден өткен кезде міндетті түрде ұялы телефон сатып алуы тиіс болады. Телефонда оның электрондық профилі болады. Осылайша біз әрбір мигранттың қай жерде жүргенін білетін боламыз. Сондай-ақ олар бір елді мекеннен екіншісіне бақылаусыз көшіп, тұрғылықты жерін өз бетінше өзгерте алмайды. Бұл жүйенің негізгі тетігі болады», деп түсіндірді Игорь Зубов.
Еуропаға кіру тәртібі өзгерді: Қазақстан азаматтары нені білуі тиіс?
Игорь Зубовтың айтуынша, телефон арқылы мигранттардың құжаттарының жарамдылық мерзімінің аяқталуын және мемлекеттік органдарға келу қажеттігі туралы ақпаратты алдын ала білуге болады.
Еске салайық, 1 шілдеден бастап Ресей аумағына жұмыс істеу немесе білім алу мақсатында баратын шетел азаматтары үшін жаңа талап енгізілді. Енді олар «Gosuslugi RuID» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалануы тиіс. Осыған сәйкес Ресейге баруды жоспарлағандар елге кіру туралы электрондық өтінішті шекараны кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы қажет.