Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Халықаралық байқаушыларға қолдау көрсету орталығындағы брифингте ол жаңа Ата заң қабылдаудың мән-маңызын атап өтті.
— Жаңа Конституция қабылдау — мемлекет өміріндегі ең басты оқиға. Халықты ақпараттандыру тыңғылықты жүргізілген. Кері байланыс жоғары деңгейде. БАҚ және ғаламтор арналары арқылы көптеген талқылау, кездесу өтіп, Ата заңға енгізілген өзгерістер әр азаматқа жетік түсіндірілген, — деді А. Шевченко.
Сонымен бірге ол бұқараны ақпараттандыру ғана емес, басқа да дайындық жұмыстары мінсіз атқарылғанына ризашылығын білдірді.
— Азаматтар референдумға белсенді қатысып жатыр. Комиссия мүшелері де жоғары деңгейде дайындалған. Мүгедектігі бар адамдарға дауыс беретін барлық жағдай қарастырылған. Бұл да өте маңызды мәселе. Еріктілер мен байқаушылар жұмысын сапалы орындап жүр. Бүгін учаскелерді тағы да аралап шығуға мүмкіндік болады деген үміттемін. Бәрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Үйренетін нәрсеміз көп, — деп түйіндеді ресейлік байқаушы.
Айта кетейік бұған дейін референдум ешқандай құқық бұзусыз өтіп жатқаны жөнінде халықаралық байқаушы мәлімдемесін жариялағанбыз.