Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. "Роскосмос" ғарышкерлері Халық бірлігі күніне орай Халықаралық ғарыш станциясынан Ресей тұрғындарына бейнеқұттықтау жолдады.
Ресейлік ғарышкерлер бейнеүндеуінде елдің бірлігі мен туған жерге деген құрметтің маңыздылығын айтқан.
"Ғарыштан қарағанда еліміздің қаншалықты әдемі екенін анық көруге болады. Бұл – әрқайсымыз жақсы көріп, қорғауға тиіс ортақ үйіміз", – деді "Роскосмос" ғарышкері Петр Дубров.
Айта кетері, Ресейде Халық бірлігі күні жыл сайын 4 қарашада аталып өтеді.