Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алдыңғы рекорд 2025 жылы тіркелген, сол кезде тізімге 146 ресейлік енген.
- Өсім бір жылда тоғыз адам болды. Бұл ең алдымен Ресей экономикасының Орталық банктің жоғары негізгі мөлшерлемесі мен санкциялар қысымына байланысты баяулауынан болды. Екінші жағынан, доллардың әлсіреуі ресейлік миллиардерлерге пайдасын әкелді — рубль жыл ішінде 16%-ға нығайды, - деп жазды Forbes.
Ең дәулетті ресейліктердің жалпы байлығы да бір жылда 696,5 млрд долларды құрайтын жаңа рекордтық деңгейге жетті. Тізім басында «Северсталь» компаниясының негізін қалаушы Алексей Мордашовтың есімі тұр – кәсіпкер мен оның отбасының байлығы жыл ішінде рекордтық 37 млрд долларға дейін өсті.
Алдыңғы екі жыл бойы Ресейдің ең бай адамдарының тізімінде «Лукойл» мұнай компаниясының акционері Вагит Алекперов көш бастап тұрған. 2025 жылдың қазан айында АҚШ Қаржы министрлігі мұнай компаниясына қарсы санкциялар енгізді: Мәскеу биржасында «Лукойл» акцияларының бағасы бір жыл ішінде шамамен 30%-ға төмендеді.
Осыған дейін Қытай қайтадан әлемдегі миллиардерлер саны бойынша көшбасшы атанғанын хабарладық.
Сондай-ақ әлем бойынша миллиардерлердің байлығы 2025 жылға қарай 2,5 трлн долларға артып, рекордтық 18,3 трлн долларға жеткенін жаздық.