Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Новосібірден Махачкалаға S7 7099 рейсімен бағыт алған S7 Airlines ұшағы Қазақстан көгінде апат белгісін қосты. Flightradar сервисінің мәліметінше, борт Көкшетау маңында кері бұрылған, деп хабарлайды Tengri Travel.
Рейс туралы не белгілі?
Flightradar24 мәліметінше, Новосібірден Махачкалаға бет алған ұшақ Қазақстан аумағында ұшу кезінде 7700 апат жағдайы кодын жолдады.
Осыдан кейін борт бағытын өзгерткен. Сервис деректеріне сәйкес, ұшақ Көкшетау маңында кері бұрылған.
Скриншот: Flightradar24.com
Толмачево әуежайының онлайн-таблосындағы мәлімет бойынша, ұшақ Новосібірден жергілікті уақытпен 13:20-да (Астана уақытымен 11:20-да) ұшып шыққан.
7700 дабылы нені білдіреді?7700 коды - бұл әуе кемесінің экипажы борттағы төтенше жағдай туралы диспетчерлерге хабарлау үшін борттық жауап бергіш арқылы жолдайтын жалпы апат коды.
Бұл код әуе кемесіне әуе қозғалысын басқару қызметтері тарапынан ерекше назар аудару қажет болған жағдайда қолданылады. Бұған техникалық ақаудан бастап, шұғыл шаралар қолдануды талап ететін басқа да жағдайлар себеп болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Ұшақ адам көп жүретін қиылысқа құлады: мән-жайы
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу