Respublica партиясы ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен сайлау мәселелерін талқылады

02.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров пен партия төрағасының орынбасары – Орталық аппараттың басшысы Жанат Искаков ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды байқау миссиясының басшысы Винсент Пикетпен және миссияның саяси талдаушысы Даниэла Боттиджеллимен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ сайлау кезеңіндегі партия жұмысының ерекшеліктері, сайлаушылармен өзара байланыс және қолданыстағы сайлау заңнамасының жекелеген нормалары талқыланды.
Миссия өкілдері республикалық және өңірлік сайлауалды штабтардың жұмысына, байқаушыларды даярлау үдерісіне, азаматтармен өзара іс-қимылдың цифрлық құралдарына, партия қызметі мен сайлау науқанын қаржыландыру тетіктеріне, сондай-ақ партияның инклюзивтілікті қамтамасыз ету және азаматтарды саяси үдерістерге тарту бағытындағы жұмысына қызығушылық танытты.
Respublica партиясының басшылығы миссия өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, партия қызметі мен сайлауалды науқанының барысы туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Кездесу ашық әрі кәсіби диалог форматында өтті. Тараптар халықаралық сайлауды байқау аясындағы сындарлы өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасудың маңызын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью