Respublica партиясы қостанайлық жастармен ашық әңгіме жүргізді

15.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қостанайда Respublica партиясының сайлауалды штабы жастармен ашық форматта кездесті. Алдын ала дайындалған сұрақтар да, қағазға жазылған мәтіндер де болған жоқ. Әр спикер өз өмір жолы мен тәжірибесін айтып, жастарды толғандыратын мәселелер туралы еркін әңгіме өрбітті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылтай депутаттығына кандидат Тоқтар Болысов жастар саясатында жүргеніне 16 жыл болғанын айтты. Осы уақыт ішінде мыңнан астам жастар бастамасының жүзеге асуына атсалысқан. Оның пікірінше, жастар үшін шешім қабылдап қана қою жеткіліксіз — жастардың өзімен бірге жұмыс істеп, олардың ойын тыңдау маңызды.

Алматы мәслихатының депутаты, Respublica партиясының өкілі Руслан Идрисов қарапайым отбасында өскенін айтты. Анасы базарда сауда жасаған, әкесі слесарь болып жұмыс істеген. Ол Алматыға бар болғаны бір сөмкесін алып келген. Бүгінде төрт баланың әкесі әрі жеке кәсібі бар.

Русланның айтуынша, оның басты мотивациясы - ата-анасының жетістігіне қуанып, мақтан тұтуы. Сонымен бірге адам өзіне ұнайтын, таңертең тұруға күш беретін істі табуы керек.

VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының мүшесі Динара Наумова да өз өміріндегі қиындықтармен бөлісті. Ол бала кезінен мүгедек арбасымен жүріп келеді. Оны жалпы білім беретін мектепке қабылдамаған. Кейін колледжде және жоғары оқу орнында білім алып, буллингке де тап болды. Бірақ бұл қиындықтардың ешқайсысы оның алға ұмтылысына кедергі болмады.

Бүгінде Динара ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектесіп келеді. Оның айтуынша, адам өз ісіне адал болып, шын ниетімен еңбек етсе, нәтижеге міндетті түрде жетеді. Кейде сенің жолыңды жалғастыруға бір адамның сенімі де жеткілікті.

Кездесу еркін өтті. Жастар сұрақ қойып, өз пікірлерін ашық айтты. Пікірталас та болды, әзіл де айтылды, ең бастысы - шәркім өз ойын еркін жеткізе алды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью