Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

24.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров бастаған делегация Қарағанды облысындағы агрокәсіпорындарда болып, өндіріс жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, аграрлық сектордағы өзекті мәселелер талқыланды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Қазақстанның өсімдік сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық UPOV жүйесіне қосылуы мәселесін көтерді.

Кәсіпорын құрылтайшысы Ержан Нашаровтың айтуынша, бұл мәселе ұзақ жылдан бері шешімін таппай келеді және оған оң нәтиже беру отандық тұқым шаруашылығын дамытуға серпін береді.

Кездесуде партияның «Шешімдер фабрикасы» жобасының нәтижелері де сөз болды. Осы бастама аясында картоп өндірушілердің ұсыныстары ескеріліп, биржа арқылы міндетті өткізу шегі 60 тоннадан 500 тоннаға дейін ұлғайтылған.

Бұл фермерлердің шығынын азайтып, олардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік берді. Respublica өкілдері мұндай кездесулердің сайлауалды науқан барысында еліміздің барлық өңірінде жалғасатынын атап өтті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью