Республика күні: Атырауда өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

26.10.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Республика күнiне орай Атырауда түрлі сала үздіктері Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еліміз бен өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға марапатты Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов табыс етті.

Түрлі сала мамандарына жоғары құрмет

Мемлекеттік наградалар еңбек ардагерлеріне, өнеркәсіп, энергетика, мұнай-газ, көлік, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау саласының өкілдеріне, сондай-ақ кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлеріне берілді.

Марапатталғандар қатарында:

І дәрежелі «Барыс» ордені: «TNS-group» концернінің президенті Төкен Жұмағұловқа берілді.

«Парасат» ордені: Еңбек ардагері Кенхан Айдарбеков пен облыстың энергетикалық кәсіпорындары ардагерлерінің салалық кеңесінің төрағасы Мұхамбетқали Қалиевке табысталды.

«Құрмет» ордені: Еңбек ардагерлері Марат Әбдуали, Нәсіпқали Қонас, Сағидолла Құлғалиев, Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Болат Мұхатжиев, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Қабибек Мұхитов, №31 мектеп-гимназиясының мұғалімі Райхан Құлбалиева және Д. Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Болат Долдашовке тапсырылды.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені: Жұмысшы мамандық өкілдері — «Потенциал Ойл» ЖШС жүргізушісі Нұрлыбек Дияшев, «Атырау Жарық» ЖШС электромонтёрі Бауыржан Есмағанбетов және «Қызылқоға Сервис» КМК тракторшы-механизаторы Мәзім Тұрғалиевке бұйырды.


Бұдан бөлек, мұнай-газ, көлік, байланыс, медицина мен ауыл шаруашылығы саласының бір топ қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ал Индер аудандық ауруханасының дәрігер анестезиолог-реаниматологы Мейіржан Төленбаев «Шапағат» медалімен марапатталды.

«Әр азаматтың адал еңбегі – ел дамуының кепілі»

Аймақ басшысы салтанатты жиында Республика күнiнің тарихи мәніне тоқталып, әрбір азаматтың күнделікті адал еңбегі мемлекеттің өркендеуіне негіз болатынын атап өтті.

«25 қазан — елдігіміздің ақ жолы айқындалған тарихи күн. Атырау облысы үшін экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту, инвестиция тарту және халықтың өмір сапасын арттыру — басты басымдық. Біздің баға жетпес құндылығымыз — бейбітшілік пен татулық», — деді Болат Ақшолақов.

Марапаттау рәсімі мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Бүгін, 19:57

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью