Республикада қашықтан оқуға көшкен сыныптар саны 2 мыңнан асты

20.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Республика бойынша он облыста кейбір мектептің оқушылары қашықтықтан оқуға көшті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Соңғы мәліметтер бойынша 154 мектепте 2182 сынып қашықтықтан оқуға ауыстырылды. Жаппай болып жатқан бұл жағдайға тұмау себеп болған.

Сыныптар қашықтан оқуға көшірілген аймақтар:

Атырау облысы – 3 мектепте 48 сынып

Маңғыстау облысы – 23 мектепте 366 сынып

Абай облысы – 58 мектепте 418 сынып

Ақмола облысы – 4 мектепте 337 сынып

Жамбыл облысы – 15 мектепте 613 сынып

Қостанай облысы – 12 мектепте 168 сынып

Шығыс Қазақстан облысы – 32 мектепте 187 сынып

Ұлытау облысы – 3 мектепте 17 сынып

Қарағанды облысы - 1 мектепте 20 сынып

Солтүстік Қазақстан облысы - 3 мектепте 8 сынып.

Бүгін оқушысын қашықтыққа ауыстырған облыстар: Атырау, Маңғыстау, Ұлытау, солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске сала кетейік, күні кеше республика бойынша 1 469 сынып қашықтан оқуға көшірілді. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью