Республикалық балалар суреттері байқауы басталды

17.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Байқаудың мақсаты — Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріпте, сондай-ақ Наурызнама онкүндігі аясында көркемдік-эстетикалық шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету.

Байқауға жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 7-18 жас аралығындағы білім алушылары қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

1. «Наурыз және менің отбасым» — үздік сурет;
2. «Наурыз — көктемнің символы» — үздік сурет;
3. «Наурыз және Қазақстан мәдениеті» — үздік сурет.

— Өтінімдер 2026 жылдың 16-27 наурыз аралығында smartziyatker.kz платформасында қабылданады. Байқау онлайн форматта өтеді, нәтижелері 2 сәуірде жарияланады, — делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетелік еліміздің барлық білім беру ұйымында Наурызнама онкүндігі басталды

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью