Республикалық бюджетке қатысты заң мақұлданбады

20.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алдағы үш жылдық бюджеттік болжам 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарымен сәйкес келмейді.

Мәселен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және өзге де салаларда біршама пайыздық өсім болады деп көрсетілген. Алайда оған тиісті талдау жасалмаған. Экономиканың өркендеуінде олқылықтар болмас үшін терең зерделеу жұмыстары қажет. Кейінгі үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңын қарау барысында сенат депутаттары осылай деп, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін атады. Құжат Мәжіліске қайтарылды.  

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью