Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
«КазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының келесі учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облысы:
- Қостанай облысының шекарасы — СҚО шекарасы;
- Қостанай облысының шекарасы — Сұрған ауылы;
- Балкашин ауылы — Атбасар қаласы;
- Астрахан ауылы – Атбасар қаласы;
- Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы.
Қостанай облысы:
- Октябрьский кенті — Ақмола облысының шекарасы;
- Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы.
Cолтүстік Қазақстан облысы:
- Ақмола облысы шекарасынан Достық ауылына дейін.
Жолды 2026 жылғы 10 наурызда сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Қазақстан ТЖМ ескертеді!
Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.