Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Компания азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылғанын мәлімдеді.
— Осы жүйенің көмегімен 2 755 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 12 897 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 1 147 азаматтардың өтінімдері қабылданды. Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды, — делінген хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:
— 1403 байланыс орталығы;
— www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;
— Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 778 001 1403).
Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі автожолдардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет ұсынды.