Ретро стильдегі дауыс: Семейлік арулар сайлауға ерекше образбен келді

23.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Семей қаласының тұрғындары Еркежан Сағимоллаева мен Еркежан Тұрлыбек сайлау учаскесіне ретро стильдегі киім үлгісімен келіп, өз таңдауларын жасады, –     деп хабарлайды Aikyn.kz

Олардың айтуынша, Семей – тарихы терең, мәдени мұрасы бай қала. Сондықтан олар дауыс беру күніне ерекше мән беріп, қаланың тарихи келбетін ретро образ арқылы көрсетуді жөн санаған.

«Семей – тарихы бай қала. Қаламыздың өткенін, ерекше атмосферасын жақсы көреміз. Сондықтан бүгінгі дауыс беру күніне ретро стильде келуді жөн көрдік. Бұл біз үшін жай ғана образ емес, туған қаламыздың тарихына деген құрмет. Әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймыз», – деді Еркежан Сағимоллаева.

Айта кетейік, Еркежан Тұрлыбек бүгін алғаш рет дауыс берді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью