Reuters агенттігі Тәжікстан ҰҚШҰ дан көмек сұрады деген мақаланы өшіріп тастады

04.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Reuters агенттігі Ауғанстан шекарасындағы екі шабуылдан кейін Тәжікстанның ҰҚШҰ-дан көмек сұрағаны жөнінде бұрын жарияланған мақаланы өгіріп тастады.

Агенттік дәлелдердің жетіспеушілігін алға тартты.

Reuters агенттігінің хабарламасынан кейін басқа да батыс БАҚ бұл ақпаратты тарата бастады, бірақ Тәжікстан сыртқы істер министрлігі бұл хабарламаларды жоққа шығарды.

"Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстан мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы арасында тәжік-ауған мемлекеттік шекарасында бірлесіп патруль жүргізуге ресейлік әскери қызметшілердің қатысуы туралы талқылаулары болып жатқаны жөнінде Reuters ақпараттық агенттігі таратқан ақпаратты жоққа шығарады", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанмен шекарадағы жағдай тұрақты және толық бақылауда екенін хабарлады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью