Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

26.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында заманауи көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы толық аяқталды. Бүгін нысанды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа медициналық кешен құрамына 200 төсек-орынға арналған стационар және бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емхана кіреді. Жобаның жалпы құны 34,8 млрд теңгені құрады. Бас мердігер ұйым – «Элхон» ЖШС. Нысан пайдалануға қабылданды.

ШҚО әкімі атап өткендей, бұған дейін аурухананың негізгі корпустары, оның ішінде педиатриялық бөлімше 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Қазіргі таңда жаңартылған кешен заманауи талаптарға сай көпсалалы медициналық мекеме ретінде қызмет көрсетеді. Мұнда тек Риддер қаласының тұрғындары ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердің халқы да медициналық көмек ала алады.

Аурухана кешенінің құрылысы «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң аясында бөлінген қаражат есебінен жүргізілді.

Жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден асатын үшқабатты ғимарат қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Кешен құрылымында тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, күндізгі бөлім, паллиативтік көмек, консультативтік-диагностикалық және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қызметтері қарастырылған.

Қазіргі уақытта тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталу сатысында. Осы рәсімдер толық аяқталғаннан кейін көпсалалы аурухана кешені тұрғындарды қабылдай бастайды.

Соңғы жаңалықтар

Көкпекті ауданының әкімі сайланды

Сайлау • Бүгін, 20:39

Ақтаулықтар қақаған қыста жылудың жоқтығына шағымданды

Энергетика • Бүгін, 20:15

Қостанай мен Қызылорда әуежайларына айыппұл салынды

Заң • Бүгін, 19:56

Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

Құрылыс • Бүгін, 19:32

Бішкекте бес жүлде бұйырды

Спорт • Бүгін, 19:18

Алматы тауларында үш адам жоғалды: бір адамның мәйіті табылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 18:53

ШҚО мен Абай облысындағы 6 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райы • Бүгін, 18:31

Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды

Заң • Бүгін, 18:02

Үздік–2025: Дастан Сәтпаевқа «Спорттағы жыл серпіні» атағы берілді

Спорт • Бүгін, 17:53

Ұлттық банк алаяқтардың жаңа әрекеттері туралы ескертті

Қоғам • Бүгін, 17:40

«Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өз мәресіне жетті

Жастар • Бүгін, 17:34

2025 жылы қандай қайғылы оқиғалар болды?

Қоғам • Бүгін, 17:20

Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты

Үкімет • Бүгін, 17:15

Атырауда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған ірі логистикалық орталық ашылды

Экономика • Бүгін, 17:05

Алматыда «Көбелек» балет-ертегісінің премьерасы өтті

Театр • Бүгін, 16:55

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью