Риддерде табылған қонжық Өскемендегі зообаққа жеткізілді

25.10.2025

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Анасынан айырылып, жабайы табиғатта өмір сүре алмай қалған қонжық қала аумағына кіріп кеткен. Оны байқаған жергілікті жұрт тамақтандырып та жүрген.

Көп ұзамай Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобының қызметкерлері келіп түз тағысын торға түсіріп, Өскемендегі Солжағалау зообағына жеткізді.

- Қонжық ұзақ уақыт аш жүргендіктен қатты әлсіреген. Қазір ол ветеринарлардың бақылауында. Қажетті екпелер салынып жатыр, - дейді Солжағалау саябағы кешенінің бас ветеринарлық дәрігері Жұмағали Қадырбаев.

Қазір қонжық ет, жарма, көкөніс және жеміс-жидекпен қоректеніп жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Риддерде жедел топ аюларды үркітіп, елді мекен маңынан алшақтатқаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью