Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Риддер қаласындағы пәтерді тексеру кезінде төрт баланы ата-анасынан алып қоюға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қолайсыз отбасы анықталды.
Олар тұратын пәтерде азық-түлік пен су болмаған. Ал үйдің санитарлық жағдайы өте нашар, тарақандар өріп жүр.
Бұл отбасыда 2020–2025 жылдар аралығында төрт бала туған. Төртеуі де видеода көрсетілген жағдайда тұрған.
"Балалар шұғыл түрде отбасынан алынды. Үшеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды", - дейді полицейлер.
Ал бір бала Риддер қалалық ауруханасына жеткізілген.