Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Риддер қаласында 200 орындық көпсалалы аурухана кешені бой көтерді. Мемлекет басшысының тапсырмамен салынған заманауи нысанды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аралап көрді.
Жаңа медициналық кешеннің құрамына бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емхана кіреді. Жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден асатын үшқабатты ғимарат медициналық құралмен толық жабдықталған. Мұнда тек риддерліктер ғана емес, жақын елді мекендердің тұрғындары да, медициналық көмек ала алады. Айта кетейік, аурухана кешенінің құрылысы заңсыз иемделген активтерден қайтарылған қаражат есебінен жүргізілген.