Риелторлар нарығына реформа керек

04.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

PANA ұлттық риелторлар палатасы ұсынған зерттеу еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығын түбегейлі өзгерту керегін көрсетті. 2025 жылдың қорытындысы да бұл мәселені анық байқатты. Тек желтоқсан айының өзінде ел ішінде 53 мың алып-сату мәмілесі тіркелсе, бір жыл ішінде оның саны 448 мыңнан асып кеткен. Инфляция мен тұрғын үй бағасы қымбаттағанына қарамастан, бұл көрсеткіш кейінгі жылдардағы ең жоғары деңгейдің бірі болып отыр.

Сырттай қарағанда жылжымайтын мүлік нарығы тұрақты әрі бел­сенді көрінеді. Алайда осы көрсет­кіштердің артында шешілмей тұрған күр­делі құрылымдық мәселе бар. Кәсіби қауым­дас­тықтың бағалауынша, бүгінде риелторлық қызметтің шамамен 70 пайызы көлеңкелі сегментте жұмыс істейді. Айналымы жүздеген млрд теңгеге жететін үлкен нарық әлі күнге дейін бірыңғай ережесіз, нақты стандарттарсыз, жауапкершілік тетіктерінсіз қалып отыр.

 PANA деректеріне сүйенсек, елімізде риелторлық қызметпен айналысатын 25–30 мыңға жуық адам бар. Бірақ олардың тек жартысына жуығы ғана ресми тіркелген. Қалған­дары лицензиясыз жұмыс істейтін, клиент алдында нақты міндеттеме алмайтын жеке делдалдар. Нарықтың жылдық көлемі шамамен 170 млрд теңге деп бағаланады. Соның өзінде көлеңкелі айналым салдарынан мемлекет бюджеті жыл сайын 22 млрд теңгеден астам қаржыдан қағылып отыр.

Ұлттық риелторлар палатасының вице-президенті Әсет Айтбаев бұл мәселені кездейсоқ құбылыс емес, жүйелі түйткіл деп санайды. Оның айтуынша, «риелтор» мамандығы заң жүзінде нақты бекітілмеген. Міндетті сертификаттау жоқ, бірыңғай жұмыс стандарттары мен біліктілік талаптары қалыптаспаған. Соның салдарынан кез келген адам бұл салаға оңай кіріп, мәміле жасап, кейін еш жауапкершілік алмай жоғалып кетуі мүмкін. 2024–2025 жылдары мәмілелер санының күрт өсуі тәуекелді одан әрі күшейтті. Нарық қызған сайын даулы жағдайлар да көбейеді. Қателік, түсінбестік, жанжал жиі­лейді. Оның үстіне тұрғын үй бағасының қым­бат­тауы, ипотекалық жүктеменің артуы және халық табысының төмендеуі бұл мәселені қара­пайым азаматтар үшін өте сезімтал тақы­рыпқа айналдырды.

«Жылжымайтын мүлік нарығы қазір реформасыз әрі қарай дами алмайтын межеге жеткен. Сондықтан Мәжілісте риелторлық қызметке өзін-өзі реттеу тетігін енгізу туралы бастама көтерілді. Бұл ұсынысты депутат Олжас Құспеков ұсынып, жауапкершілікті кәсіби қауымдастықтың өзіне жүктеу моделін қарастыруды алға тартты. Бұл жерде қатаң мемлекеттік бақылау енгізу туралы сөз жоқ. Негізгі мақсат – айқын әрі ортақ ережелер қалыптастыру. Яғни мамандыққа кіру талаптары, жұмыс стандарттары, жауапкершілік деңгейі мен клиент құқығын қорғау жүйесі анықталуға тиіс», дейді Ә.Айтбаев.

Сарапшылардың пікірінше, жылжымайтын мүлік нарығы кезінде аудиторлар, бағалаушылар мен нотариустар өткен кәсібилену жолынан өтуі керек. Мамандар қысқа мерзімде өзгерістер оңай болмайтынын айтады. Нарықтан кейбір ойыншылар кетуі мүмкін, қызмет бағасы да өсуі ықтимал. Бірақ орта мерзімде бұл өзгерістер ашықтықты арттырып, нарыққа сенім қалыптастырып, толыққанды кәсіби орта құруға мүмкіндік береді.

«Бүгінде біз нақты ережелері жоқ үлкен нарықты көріп отырмыз. Бұл сұр схемалардың көбеюіне, мамандыққа деген сенімнің әлсіреуіне әкеледі. Өзін-өзі реттеу тыйым салу емес, бұл сүзгі. Соның нәтижесінде ережемен жұмыс істеуге және өз ісіне жауап беруге дайын мамандар ғана қалады. Жылжымайтын мүлік саласы бұрын экономикалық өсім кезінде бай­қалмаған мәселелерді енді анық сезіне бас­тады. Экономика баяулап, халық табысы қысқарған сайын құрылымдық теңсіздіктер айқынырақ көрінеді. Егер реформа 2026 жылы қабылданса, нарық сапалы жаңару кезеңіне қадам басуы мүмкін. Көлеңкелі схемалар азайып, азаматтардың сенімі артып, риелтор мамандығы толыққанды кәсіби деңгейге көтеріледі», дейді Ұлттық риелторлар палатасының вице-президенті.

Ал өзгеріс кейінге қалса, нарық бұрынғыдай белгісіздік пен тәуекелге толы күйінде қалып, бұл жағдай әрі адамдарға, әрі экономикаға қосымша салмақ түсіре береді. 

Соңғы жаңалықтар

Рудныйда екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 09:03

«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға

Саясат • Бүгін, 09:00

Жалпыұлттық коалиция – Абай өңірінде

Референдум • Бүгін, 08:58

Азаматтардың сенімін арттыратын ұсыным

Саясат • Бүгін, 08:55

Жастар – өзгерістің тың күші

Жастар • Бүгін, 08:53

Келісім мен тұрақтылық темірқазығы

Қоғам • Бүгін, 08:50

Табыс неге азайды?

Экономика • Бүгін, 08:48

Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?

Қоғам • Бүгін, 08:45

Риелторлар нарығына реформа керек

Қоғам • Бүгін, 08:43

Іскер болмай, ілгерілеу жоқ

Экономика • Бүгін, 08:40

Қазақстан – сақтандыру шешімдерінің көшбасшысы: Сала нарығы 1,7 трлн теңгені құрады, алайда климаттық қатер шығыны әлі де мемлекеттік бюджетке жүктеліп отыр

Қоғам • Бүгін, 08:38

ЖИ-ді оқу жүйесіне енгізу жеделдейді

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:35

Көпдеңгейлі тілдік модель

Digital • Бүгін, 08:33

Инженерлік білім – ел болашағының берік негізі

Білім • Бүгін, 08:30

Игілігі мол интеллектуалды жобалар

Digital • Бүгін, 08:28

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью