Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Үндеуде понтифик саяси жүйелердің тұрақтылығы берік моральдық негіз болған жағдайда ғана сақталатынын атап өтті. Әйтпесе, оның пікірінше, демократия «көпшіліктің тираниясына» айналуы немесе экономикалық және технологиялық элиталардың үстемдігін бүркемелеуші құралға айналуы мүмкін.
Понтифик биліктің заңдылығы қолдағы ресурстардың көлемімен емес, оның қалай жүзеге асырылатынымен айқындалатынын мәлімдеді.
– Биліктің заңдылығы оны жүзеге асыратын тұлғалардың даналығы мен ізгілігіне байланысты, – делінген үндеу мәтінінде.
Рим Папасы экономикалық немесе технологиялық қуатты жинақтау өздігінен басқару құқығын бермейтінін ерекше атап өтті.
Өз жолдауында понтифик әлем көшбасшыларын билікті шамадан тыс шоғырландырудан сақ болуға шақырды. Оның айтуынша, ұстамдылық пен тежемелік тетіктер билікті асыра пайдаланудың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Құжат понтификтің Африка елдеріне жасаған он күндік сапары кезінде жарияланды. Мәтінде нақты мемлекеттер тікелей аталмағанымен, бұған дейін Рим Папасы АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерін сынға алған еді. Бұл мәлімдемелер АҚШ президенті Дональд Трамптың наразылығын туғызды.
Еске сала кетсек, жуырда Дональд Трамп Рим Папасы Лев XIV-ті сынға алды.
Ал Рим Папасы Пасха мессасында әлемдегі әділетсіздік пен соғысқа назар аударды.