Римде Түркияның ежелгі жәдігерлері қойылатын Троя және Рим көрмесі ашылады

28.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл туралы Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой мәлім етті.

Министрліктің жазбаша хабарламасына сәйкес, көрме Колизей археологиялық алаңында келушілерге есігін айқара ашады. Бұл – Римнің ең маңызды тарихи нысандарының бірі.

Экспозиция аясында қойылатын 221 жәдігердің 50-і алғаш рет көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ жәдігерлердің 99-ын Троя музейі ұсынады. Барлық экспонаттар Италия астанасы Рим қаласына халықаралық сақтау және қауіпсіздік стандарттарына сай жеткізіледі.

Фото: Анадолу

Көрме Троя соғысына дейінгі Анадолы тарихын да қамтиды және б.з.д. III мыңжылдықтан Рим дәуірінің соңына дейінгі кезеңді көрсетеді.

Мехмет Нури Эрсой NSocial әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында:

– Біз Трояны әлемдік туризмнің басты нүктелерінің бірі – Колизейге алып келеміз. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап алты өңірлік зертхананың реставраторлары жәдігерлерді халықаралық стандарттарға сай көрмеге дайындау үшін ауқымды консервациялық жұмыстар жүргізіп жатыр. ICOM стандарттарына сәйкес сақтандыру, тасымалдау және сақтау процестері ерекше мұқият атқарылып жатыр, – деп атап өтті.

Фото: Анадолу

Еске сала кетсек, Атбасардағы музейде Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен мұрасына арналған көрме ашылғанын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью