Рио де Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты

15.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: Ашық дереккөз

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, оқиға қаланың батыс бөлігінде болған. Соқтығысқан тікұшақтардың бірі автосалон аумағына құлап, салдарынан бірнеше электр көлігі өртенген. Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде сөндірген.

Полицияның мәліметінше, апатқа ұшыраған әуе кемелерінің бірінде америкалық әнші Оливер Три болуы мүмкін. Алайда қаза тапқандардың денелері қатты күйгендіктен, олардың жеке басын анықтау әзірге мүмкін болмай отыр.

Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанның әскери-әуе күштеріне тиесілі Ан-32 әскери-көлік ұшағы елдің солтүстік-шығысындағы Ассам штатының Джорхат авиабазасына қону кезінде апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью