Риодағы Олимпиадалық стадионда өрт шықты, қазақстандық спортшылар аман

09.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Өрт велодромның шатыр бөлігінде тұтанған. 1 сәуірден бастап аталған нысанда жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатының алдын ала кездесулері өтіп жатқан. Оқиға кезінде алаңда ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ.

— Жергілікті билік өкілдері де зардап шеккендер жоқ екенін растады. Семсерлесу жарыстары велодромда және негізгі алаң — Arena Carioca 1 кешенінде өтіп жатқан. Қазіргі уақытта барлық жарыстар велодромнан қауіпсіз қашықтықта орналасқан нысанда жалғасып жатыр, — делінген халықаралық федерация таратқан ақпаратта. 

Сонымен қатар аталған жарыста Қазақстан атынан 17 семсерлесуші өнер көрсетіп жатыр.

— Біздің спортшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, — деп хабарлады Ұлттық семсерлесу федерациясы.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимараты өртенген еді. 

Айта кетейік, 1 сәуірде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден әлем чемпионаты басталады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью