Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
PhysTech School Almaty мектебінің PEAK командасы чемпионаттың ең жоғары марапаттарының бірі – 1st Runner-Up атағын жеңіп алды. Сондай-ақ команда ең инновациялық көрме аймағы үшін берілетін Most Innovative Booth Award арнайы жүлдесімен марапатталды. Robot Game санатында 6-орын иеленіп, әлемнің үздік командаларының қатарына енді. Ал Future Axions 218 тобы халықаралық командалар арасында екінші орынға ие болды.
FIRST LEGO League Hong Kong Championship – балалар мен жасөспірімдерге арналған робототехника және STEM бойынша ірі халықаралық және ұлттық чемпионат. Биыл бұл турнирге әлемнің 30-дан астам елінен 120 үздік команда, 900-ден астам оқушы қатысты.