Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстандықтар Тараз қаласының патрульдік полицейлері Сарысу аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығын тоқтатқан видеоны талқылап жатыр. Ролик желіде кеңінен тарады. Жағдайға қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандықтар Тараз қаласының патрульдік полицейлері Сарысу аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығын тоқтатқан видеоны талқылап жатыр. Ролик желіде кеңінен тарады. Жағдайға қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?Жарияланым мәліметіне сүйенсек, Тараз патрульдері Сарысу аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығын тоқтатқан.
"Болжам бойынша, ол көлікті мас күйінде басқарған. Әріптестерінің "рөлде кім болды?" деген сұрағына ол "қарындасым" деп жауап береді. Кейбіреулер мұндай жағдайдың бірінші рет емес екенін жазған", – делінген жазбада.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде ер адамның оқиғадан кейін бірден еңбекке жарамсыздық парағын (больничный) алғаны айтылды.
Полиция не дейді?
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Tengrinews.kz ресми пікір алу үшін Жамбыл облыстық полиция департаментіне хабарласты. Бізге қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін аталған тұлға ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылады. Полиция департаменті кез келген заңбұзушылық пен қызметтік тәртіптің бұзылуына қатысты қатаң ұстанымда, кінәлі тұлғалардың лауазымына, шеніне және қызметтік жағдайына қарамастан жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етеді", – деп хабарлады ПД.
Бұған дейін желіде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімі орынбасарының қатысуымен видео тараған болатын. Кадрлардан патрульдік полицейлердің мемлекеттік қызметшінің қызметтік көлігін тоқтатуға тырысқанын, алайда жүргізуші құқық қорғаушылардың талабын елемей, қашуға әрекет жасағанын көруге болады.
Көлікті тоқтату мүмкін болған кезде, жүргізуші полицейлердің заңды талаптарына бағынудан дөрекі түрде бас тартқан. Осы уақытта жолаушы – аудан әкімінің орынбасары "оны тоқтату қателік болғанын" мәлімдеген. Оқиғадан екі күн өткен соң әкім орынбасары "өз еркімен" жұмыстан кеткені белгілі болды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу