Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен жаттығуын қайта бастады. Португалиялық шабуылшы бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында клуб түстеріндегі жүрекшелермен бірге жазба жариялады. Алайда футболшының болашағына қатысты түйткілді мәселелер әлі де шешімін тапқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Криштиану Роналду / Maxppp
Бұған дейін Роналду «Әл-Риядқа» қарсы өткен чемпионат ойынына қатыспай, команданың бір жаттығуын өткізіп алған еді. Сол матчта «Әл-Наср» 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Дереккөздердің мәліметінше, бұл қадам ойыншы мен клуб басшылығы арасындағы ішкі келіспеушіліктермен байланысты болған.
ESPN дерегінше, жағдай сырт көзге көрінгеннен әлдеқайда күрделі. Басылым мәліметіне сәйкес, Роналду 6 ақпанда өтетін Сауд Арабиясы чемпионатының 21-туры шеңберіндегі «Әл-Иттихадқа» қарсы ойынды да өткізіп алуы мүмкін. Бұған себеп – клубты бақылап отырған мемлекеттік инвестициялық қор PIF-тен нақты басқарушылық өзгерістерге қатысты кепілдіктер талап етуі.
Португалиялық жұлдыз «Әл-Наср» басқа алпауыт клубтармен, әсіресе «Әл-Хиляльмен» салыстырғанда жеткілікті деңгейде қаржылай қолдау алмай отыр деп есептейді. Егер талаптары ескерусіз қалса, Роналду келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуды сұрауы ықтимал. Оның қазіргі келісімі 2027 жылдың жаз мезгіліне дейін жарамды.
Роналдудың рекорды қайталанды: Мбаппе бір маусымда 11 гол соқты
Осы маусымда Криштиану Роналду клуб деңгейінде 20 матч өткізіп, 17 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Айта кетейік, бүгін, 5 ақпанда әйгілі шабуылшы 41 жасқа толды.
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Роналду «Әл-Наср» клубына қандай талап қойды?
Әлем • Бүгін, 15:44
Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Өнер • Бүгін, 15:25
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Білім • Бүгін, 15:11
Алматы • Бүгін, 15:02
Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Ыстықкөлдегі курорттық нысандар қашан жаңғыртылады?
Сенат • Бүгін, 14:15
Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:01
Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты
Әлем • Бүгін, 12:51
Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді
Қоғам • Бүгін, 12:47
Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:12
Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?
Экономика • Бүгін, 12:02