Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Armando Franca
Португалия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан 1:0 есебімен жеңіліп, турнирмен қош айтысты. Бұған дейін Роналду бұл мундиаль өзінің мансабындағы соңғы әлем чемпионаты болатынын мәлімдеген еді.
Жеңілістен бір күн өткен соң 41 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында «Португалия – мәңгілік», деп жазба жариялады.
Айта кетейік, Криштиану Роналду – әлем чемпионаттарының алты бірдей додасында гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы. 2026 жылғы мундиальда ол үш гол соғып, Португалия құрамасының үздік сұрмергені атанды.
Роналдудың бұрынғы бапкері Португалия құрамасын жаттықтыруы мүмкін
Испанияға қарсы кездесуден кейін Роналду әлем біріншілігімен қош айтысқанына қарамастан, матчта тағы бір рекорд орнатып үлгерді. Ол чемпионаттың плей-офф кезеңінде толық матч өткізген ең егде футболшы атанды.
Айта кетейік, футбол тарихында әлем чемпионатына алты мәрте қатысқан аяқ доп шеберлері санаулы ғана. Биылғы доп додасында Криштиану Роналдумен қатар 40 жастағы мексикалық голкипер Гильермо Очоа және Лионель Месси мундиальға алтыншы мәрте қатысып отыр.