Роналду дубль жасады: Португалия Өзбекстан қақпасына бес гол соқты

24.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Португалиялықтар матчты белсенді бастап, бірден ойын тізгінін өз қолына алды. Кездесудің 7-минутында Жуан Канселудың пасы Криштиану Роналду голға айналдырды. 

Кейін Нуну Мендеш стандартты жағдайдан дәл соққы жасап, есеп айырмасын еселей түсті. Өзбекстан құрамасы ойынға қайта оралуға тырысып, Ғаниевтің көмегімен гол да соқты.

Алайда VAR жүйесінің көмегімен эпизод қайта қаралғаннан кейін төреші шабуыл барысында ереже бұзылғанын анықтап, голды есепке алмады.

Бірінші тайм аяқталар сәтте Роналду тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды. Осылайша үзіліске дейін есеп 3:0 болды.

Екінші таймда Роберто Мартинес шәкірттері ойын тізгінін толық бақылауда ұстап, қарсыласқа қауіпті сәттер жасауға мүмкіндік бермеді.

61-минутта бұрыштамадан кейін доп Өзбекстан қақпасына енді. Бұл эпизод хаттамаға Өткір Нематовтың автоголы ретінде енгізілді.

Өзбекстан құрамасы Аббосбек Файзуллаев пен Элдор Шомуродов арқылы қарымта шабуыл ұйымдастыруға талпынғанымен, ойын барысын өзгерте алмады.

86-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Рафаэл Леау матчтағы соңғы нүктені қойды. Шабуылшы Нуну Мендештің пасын сәтті пайдаланып, допты қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағыттады.

Осылайша Португалия сенімді жеңіске жетіп, өз тобындағы жағдайын одан әрі нығайтып алды. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью