Роналду футболдан әлем чемпионатына қатыспайтынын растады

07.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Depositphotos.com

Испанияға қарсы өтетін 1/8 финалдық матчтың алдында Далласта журналистерге сұхбат берген 41 жастағы шабуылшы еш өкінішсіз кететінін, футболды тек ойынға деген шексіз махаббаты мен құштарлығы үшін ғана ойнағанын атап өтті. Бұған дейін болашағы туралы нақты жауап беруден қашып келген аңыз футболшы, 2030 жылғы мундиалда 45 жасқа толатынын ескеріп, соңғы байламға келгенін жеткізді.

Роналду - Модрич: Аңыздар текетіресі

Испанияға қарсы кездесу Роналду үшін ұлттық құрама жейдесіндегі 233-ойын болмақ. Ол Испанияны Еуропа чемпионы әрі атақтары көп команда ретінде матчтың фавориті деп атады. Дегенмен аптап ыстық пен ойыншылардың жарақаты сияқты факторлар кездесудің нәтижесіне әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Криштиану Роналду 1000 гол межесіне жете ала ма?

Роналду Испанияға қарсы ойындардағы жақсы көрсеткішін де еске салды. Ол испан құрамасының қақпасына 4 гол соққан, оның ішінде 2018 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі 3:3 есебімен аяқталған кездесуде жасаған хет-тригі бар.

Португалиялық футбол аңызы алдағы ойында жеңіс дәл өзінің командасына бұйыратынына сенім білдіріп, матч тағдырын ұсақ-түйек сәттер шешетінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Криштиану Роналду рекорд жаңартып, әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды.

Айта кетейік, АҚШ-тың Даллас қаласында өткен ойында Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды Микель Мерино соқты. Португалияның жеңілісінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Роберто Мартинес қызметінен кететінін мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью