Роналду мен Месси алғаш рет бір командада ойнауы мүмкін

06.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Криштиану Роналду мен Лионель Месси алғаш рет бір команданың сапында алаңға шығуы мүмкін. Екі футболшы да аргентиналық Карлос Тевестің қоштасу матчына шақырту алған. 

Тевес мансабын аяқтауына арналған кездесуді биылғы жылдың соңында Буэнос-Айрестегі әйгілі «Ла Бомбонера» стадионында өткізуді жоспарлап отыр. Ол бұрын бірге ойнаған футболшылар мен достарын жинап, шамамен 60 жұлдызды ойыншыны шақырмақ. Тевестің жоспары бойынша, Месси мен Роналду бір командада өнер көрсетуі мүмкін. 

Тевес Роналдумен «Манчестер Юнайтед» сапында бірге ойнаған, ал Мессимен Аргентина құрамасында доп тепкен. Месси мен Роналду осы уақытқа дейін бір-біріне қарсы 37 рет кездескенімен, бір командада ешқашан ойнаған емес. 

Карлос Тевес футболшы ретіндегі мансабын 2021 жылы «Бока Хуниорс» клубында аяқтаған. Енді бес жылдан кейін ол қоштасу матчын өткізбек. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью