Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтауы мүмкін

23.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: Getty Images

Дереккөздің мәліметінше, 41 жастағы футболшы 24 қыркүйекте өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Уэльске қарсы кездесуде ұлттық құрамадағы соңғы ойынын өткізуі мүмкін.

Матч Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында өтеді. Дәл осы стадионда Роналдудың кәсіби футболдағы үлкен жолы басталған болатын.

Португалияның жаңа бапкері Роналдуға қатысты мәлімдеме жасады

Айта кетейік, Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 233 матч өткізіп, 146 гол соққан. Ол Португалиямен бірге Еуро-2016 турнирінде және УЕФА Ұлттар лигасында екі рет чемпион атанды.

Роналду әлем чемпионатынан кейін мәлімдеме жасады

Ал клубтық мансабын Роналду әзірге аяқтауды жоспарлап отырған жоқ. Оның Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен жасаған келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Футбол аңызы мансабындағы 1000-шы голын соғу мақсатына жақындап келеді. Футболшы соңғы 975-ші голын әлем чемпионатында Хорватия қақпасына соқты.

Еске сала кетейік, бұған дейін футбол инсайдері Эрнан Кастильо Мессидің ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. Дегенмен футболшының өзі ақпаратты ресми растаған жоқ. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью