Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ресей мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, реактордың өзегіне 163 жылу бөлетін құрылым тиеледі. Содан кейін реактор ең төменгі басқарылатын қуат деңгейіне жеткізіледі, артынан біртіндеп көбейтіледі.
Келесі кезең - өндірілген электр энергиясы Бангладеш желісіне түсе бастаған кезде қуатты іске қосу.
-Бүгін Бангладеш бейбіт ядролық энергияны тұрақты дамудың сенімді көзі ретінде пайдаланатын елдер клубына қосылды. «Руппур» атом электр станциясы сөзсіз елдің энергетикалық жүйесінің маңызды элементіне айналады, - деді «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев.
Бангладештің ғылым және технология министрі Факир Махбуб Анам атап өткендей, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, индустрияландыруды жеделдетіп, технологияға негізделген экономиканы дамытуда маңызды рөл атқарады.
-«Руппур» АЭС жобасы Бангладештің ғылыми прогресінің символы және елдің озық технологияларды жауапкершілікпен әрі тиімді пайдалануға дайындығы мен қабілетін көрсетеді, - деп атап өтті ол.
Өткен аптада «Росатом» әлемде бірінші болып АЭС реакторындағы радиоактивті қалдықтарды жағып жіберді.