Роттердам турнирі: Александр Бублик азулы қарсыласынан айласын асырды

11.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 70-орында тұрған Польша өкілі Хуберт Хуркачпен шеберлік байқасты. 

Поляк теннисшісі кезінде рейтингіде 6-орынға дейін көтерілген, жарақатынан кейін кортқа қайта оралған азулы қарсылас еді. Сондықтан матч аса тартысты өрбіді.

Бірінші сетте тай-брейкте Хуркач айқын басымдылық танытты — 7:6 (7:2).

Екіншісінде Бублик дәл солай жауап қайырды — 7:6 (7:1).

Үшінші, шешуші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді. Содан кейін ойынды эйспен түйіндеді — 7:5.

Екі сағат 22 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Хуркач эйс санын 25-ке жеткізіп, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін рейтингіде 82-сатыдағы германиялық Ян-Леннард Штруфпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дохадағы турнирдің үшінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.

Сондай-ақ Анна Данилина Доха турнирінің ширек финалына шықты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью