Роза Рымбаева Әлия, Мәншүк есімді қыздары туралы айтты (видео)

23.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева басынан өткен оқиғасын айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші екі ұлымен бірге Әлия, Мәншүк есімді қайын ағасының қыздарын бауырына басқанын айтты. 

«Тасқын өзі ауылдан алып келіп, “сен музыкант боласың” деп Әлияны алып келіп, оқытқан. Сол кезде анасы мен әкесі бірінен кейін бірі өмірден өтті. Содан мен бірден шешім қабылдадым. Бұл екі қыз менімен тұрады дедім. Менің екі ұлым не жесе, не кисе, бәріміз бір отбасы боламыз деп, екі қызды қолыма алдым. Сол кісілердің аманаты деп қабылдадым. Енді осы отбасыға мен жауаптымын дедім. Жеңіс ағаның алты қызы да менің қыздарым. Әлі күнге дейін олардан маған деген ризашылық, құрмет, махаббат көремін. Себебі олар мені анасының орнына ана деп санайды», – деді әнші.

Әлия мен Мәншүк Роза Рымбаеваға алғыс айтып, анасындай қамқор болғанын айтты. Бүгінде олар отбасын құрып, үлкен өмірге қадам басқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью