Роза Рымбаева: Отбасында ер адам әйелден жоғары болуы керек (видео)

17.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Халық әртісі Роза Рымбаева отбасындағы ер адам мен әйелдің рөлі туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші ер адам әрдайым әйелден бір саты жоғары тұруы керек деп есептейді. Сонда әйел оған тамсанып қарайды. Айтуынша, өзінің отбасында осылай болған.

«Негізі ер адам қай жағынан болсын, әйелден жоғары болғаны дұрыс. Сонда біз оған таңданып, тамсанып қарап отырамыз, сол үшін тырысамыз. Мен солай ойлаймын. Әйел неге мықты болады? Жанындағы ер адам іштей мықты болса, әрекетімен, көшбасшылық қасиетімен де жоғары болуы керек қой. Менің күйеуім солай болды. Кейбір әйелдер ең бастысы жанымда күйеуім, тірегім бар, ары қарай әрекет етемін дейді. Ол да жақсы», - деді әнші «Zamandas» подкастында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью