Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Халық әртісі Роза Рымбаева туралы деректі фильм жарыққа шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл жаңалықты әншінің ұлы Әли Оқапов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Премьера! 2 ақпан! Роза Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына орай Тимур Балымбетов және режиссер Қанат Бейсекеев бірігіп түсірген «Роза. Ұрпақ үні» фильмі жарық көреді. YouTube желісінен көріңіздер!» – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Халық әртісіне жылы лебізін білдіріп, алдағы концерті сәтті өтуін тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.