Рудныйда 200 мың теңгеге бола танысын өлтірген ер адам сотталды

05.11.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қостанай облысында адам өлтіру ісі бойынша Рудный қаласының екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 23 қаңтарына қараған түні болған. Жәбірленуші сотталушыдан 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты талап етуіне байланысты жанжал шыққан.

"Ашуға булыққан ер адам жәбірленушіні бірнеше рет пышақтап, ауыр жарақат салған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған", - деп хабарлады облыстық сот.

Оқиға кезінде ғимараттың төменгі қабатында болған жасөспірім кісі өлтіру қылмысы жасалғанын білгенімен, полицияға хабар бермеген. Кейін екеуі оқиға орнынан кетіп, Көкшетау қаласында жасырынған.

Алқабилердің шешімімен ер адам қасақана кісі өлтіргені үшін, ал жасөспірім ауыр қылмыс туралы полицияға хабарламағаны үшін кінәлі деп танылды.

"А. есімді сотталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік түріндегі колонияда өтейді. Кәмелетке толмаған Б. 2 жыл 8 айға сотталды. Ол жазасын жасөспірімдерге арналған мекемеде өтейді", - дейді сот.

Жаза кесу кезінде ер адамның кінәсін мойындағаны және жәбірленушінің жанжалға себеп болған заңсыз әрекеті ескерілген. Ал жасөспірімнің жасы мен бұрын сотталмағаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырылған.

Бұдан бөлек, сот адам өлтірген азаматты марқұмның әкесі мен ағасына моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью