Рудныйда болашақтың зауыты салынады

25.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Келісім аясында Рудныйда ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салу жобасы, оған егжей-тегжейлі инжиниринг пен негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу көзделіп отыр.

Болашақта ЫБТ өндіретін зауыт Орта Азиядағы жаңа буын­ды «жасыл» ірі металлургия­лық нысандарының біріне айнал­мақ. Мұнда металдығы – 93%, құра­мындағы темір үлесі 90%-дан жо­ғары өнім алу көздеген. Нәти­же­сінде, Қазақстан жаһандық бо­лат құю нарығына шығып, бәсе­ке­ге қабілетті өнімнің жаңа түрін ұсы­на алады.

Жобаны Midrex процесі бойын­­ша темірді тікелей қалпына кел­тірудің озық технологияларына сүйене отырып іске асыру жос­пар­ланған. Бұрын бар дәстүрлі домна өн­дірісінен гөрі бұл экологиялық тұрғыдан анағұрлым ұтымды. Кокс­­тың орнына мұнда табиғи газ пайдаланылады. Зауыт «ССКӨБ» АҚ өндірген тотыққан теміркені ше­­кемтастарын өңдеп, болашақ бо­­лат құю цехына ыстық биркет­тел­­ген өнім бере алады. 

– Мемлекет басшысы Жол­дау­да терең өңделген, отандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қа­білетті өнім өндірісі басым бағыт еке­нін атап көрсетті. Бүгін осы кон­­­сорциуммен жасалған келі­сім­шарт – Қазақстандағы металлургия саласын дамыту мен ондағы ERG-дің көшбасшылығын нығайта тү­сетін стратегиялық қадам. Біз экс­­портқа жаңа мүмкіндіктер аша­тын, жаңа жұмыс орындарын құ­рып, кәсіби білікті адам капита­лына сеп болар жоғары техноло­гия­лық өндіріс құрып жатырмыз, – деп айтып берді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.

ЫБТ өндіру зауыты жобасын Топтың еншілес кәсіпорны – QazIron ERG ЖШС іске асыра­ды. Зауыт­тың өндірістік қуаты – жы­­­лы­на 2 млн тонна. Жобаға құйы­­ла­т­ын жалпы инвестиция кө­лемі – 655 млрд теңге. Өндірісті 2029 жы­лы іске қосу жоспарланып отыр. 1 мың­нан астам жұмыс орны құры­­лады. 

– Бұл – Қазақстанның метал­лур­­­гия саласындағы жаңа дәуірдің бас­тауы болатын ауқымды жоба. Ол ERG-дің әлемдік нарықтағы по­­зицияларын нығайтуға септе­се­ді. Осындай маңызды қадамға ат­са­­лысу – бізге үлкен мәртебе. MIDREX Flex шешімдері – кеннен те­мір өндірудің ең экологиялық та­за технологиясы. Дәстүрлі әдіс­пен салыстырар болсақ, ол көмір­те­гі ізін 50% төмендетуге мүмкіндік бе­реді, – деді Primetals Technologies компаниясының вице-пре­зи­денті әрі жаһандық Upstream құ­ры­­лымының жетекшісі Андреас Фибек.

Қостанай аграрлы және ин­дустриялы аймақ саналатын бел­гі­лі. Енді жаңа заманауи зауыт са­лын­ғалы тұр. Аймақтың эко­­­номикалық қуаттылығы, жобаның экономи­ка­лық қуаты жайында Қостанай об­лысының әкімі Құмар Ақсақалов мә­лімдеді. 

– Жолдауда Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев нақты міндеттер – жаңа буын­ның өнеркәсібін дамытуды, эко­логия­лық таза технологияларды ен­гізіп, сапалы жаңа жұмыс орын­дарын ашуды мықтап тапсырды. Рудный қаласында ыстық бри­кет­телген те­мір өндіретін зауыт жо­ба­сы – осы тапсырмаларды іске асы­­­­рудың жарқын мысалы. Зама­науи өндіріс ошағы облыс эконо­ми­касын ны­ғай­тып, жаңа жұмыс орын­дарын ашып, аймақта жаңа индустриалды экожүйе қалып­тас­тыруға тұғыр бо­лады, – дейді өңір басшысы. 

Келіссөз барысында халық­ара­лық келісімнің стра­те­гия­лық мән-маңызы сөз болып, өн­дірістік қуа­­­ты инвесторлар тара­пынан ба­­ғам­­­­­далды. 

– Біз осындай стратегиялық маңызды жобаға Midrex серіктес ре­тінде таңдалғанын мақтан тұта­мыз. Бұл саладағы тәжірибеміз то­лысқан, тұтынушыларымыз ұсы­натын шешімдерімізге сенім арт­­­­қанын айғақтайды, – деді Midrex пре­зиденті әрі бас дирек­торы К.Вуди. 

Midrex – ыстық брикеттел­ген темір өндірісі саласындағы әлем­дік көшбасшы. Жаһандық нарық­тың 90% қамдап отыр. Midrex өз тұты­ну­­шылары мен бо­лат құю сек­то­ры­­на орнықты болашақты қам­­та­­ма­сыз ету қамын­да ілгерілеп ке­леді. 

Midrex Technologies Inc. – ті­ке­лей қалпына келтіру әдісімен темір өн­діру технологияларындағы әлем­дік көшбасшы (жаһандық нарық­тағы үлесі – 57%). Компания 50 жыл­­да әлемнің 21 елінде 100-ден ас­там қондырғы орнатқан.

Primetals Technologies Austria GmbH – қара және түсті металлур­гия саласына қажетті жабдық өн­діретін халықаралық компания. Ме­таллургиялық зауыттарға қа­жет­ті шешімдер мен инжиниринг саласындағы көшбасшы. 

Қол қойылған келісімшарт – жо­баны іске асырудың келесі ке­зеңі. Бұған дейін консорциум ба­за­лық инжинирингті әзірлеген бо­­­­­латын. 

Жалпы нарыққа шолу ре­тін­де қарастырар болсақ, ЫБТ өндірісі жобалары бүгінде жіті назардағы стратегиялық қы­зы­ғушылық тудырып отыр. Өйтке­ні, нарықтағы жетекші ком­па­ния­лар экологиялық таза болат  өн­­­дірісінің инновациялы тех­но­ло­гияларын енгізудің алғы шебінде болуға талпынады. Әрі декарбо­ни­зация бағытындағы жұмысты ба­рын­ша жүйелі қолға алуға қамданып жатыр. Консенсус-болжамдар ал­дағы онжылдықтарда ЫБТ жыл сайынғы жиынтық өсім қарқынын  (CAGR) 5–8% дең­гейін­де сақтайды деген болжам бар.

Сонымен қатар ыстық бри­кеттелген темір өндірісі жо­­басына стратегиялық қызығу­шылық жоғары. Консенсус-бол­жамдар алдағы онжылдықтарда ЫБТ жыл сайынғы жиынтық өсім қар­қынын (CAGR) 5–8% дең­гейін­де сақтайды деген де пайым­дар бар. Жалпы бұл көрсеткіш­тер­дің бәрі ел экономикасының да­муына зор септігін тигізеді.

Аустрияның белді кәсіпкерлері ме­таллургия саласындағы игі же­тіс­­тіктерімен бөлісіп, жаңа тех­но­ло­гияларды қосып, темір өнеркә­сіп дамытуды мықтап қолға алған Еуропадағы экономикалық қуатты елдер санатына кіреді. Аталған ке­лісім екі ел үшінде тиімділік береді. Бұл жайында Аустрияның Қазақ­стандағы елшісі Андреа Бахер ой-пікір білдірді.

– Біз керемет сәттің куәсі бол­дық. Дәлірек айтқанда, аустриялық ком­пания Америка Құрама Штат­тарынан келген әріптестермен бір­ге Қазақстанда үлкен жоба жү­зеге асырады. Қазір дүние­жүзін­де ERG компаниясының экономи­ка­лық даму тенденциясы өте қар­қын­ды. Көптеген елде жұмыс іс­теп, кәсіп өркендетіп, құлашын кең­ге жайды. Тараптар бірлесіп ат­қаратын ау­қымды жоба бола­шақ­та көптеген жұмыс орын­дары­ның ашылып, эко­номикалық та­быс әкелетініне се­нім мол. Соның ар­қасында Қазақ­стан мен Аустрия­ның экономикалық әріптестік ара­қатынасы нығая түседі, – деп түй­ді елші.

Аталған келісім өз кезегінде те­мір өндірісіне бағытталған. Со­ны­мен қатар об­лыста басқаны айт­пағанда тау-кен өндірісі жолға қойылған. Әсі­ре­се, Рудныйдан өн­дірілетін темір кені елдің қа­зы­на­сына әжептәуір са­лым салып отыр. Демек, өңірде ашыл­ғалы тұр­ған жаңа зауыт көп­теген жұмыс орындарының ашы­лып, елдің өркендеуіне серпін бе­ре­рі анық. Осындай ілкімді іс­тер­дің бас­та­ма­сын­да тұрған әрі ин­дус­трия­лық өнер­кәсіп әлемінде өз ор­­ны­мен ерекшеленетін бірегей ком­­пания ол – ERG.

О.МҰРАТБЕКҰЛЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью