Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алдын ала болжам бойынша «Газель» автокөлігінің жүргізушісі тұрғын үйдің ауласында артқа қарай шығып бара жатып, баланы қағып кеткен. Кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерді аулалар мен тұрғын үй аумақтарында көлік жүргізгенде, әсіресе кері бағытта жүргенде аса сақ болуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі жауапкершілікті арттыруды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
Осыған дейін Астана қаласындағы ірі жол апатына қатысты тергеу аяқталуға жақын екені белгілі болды.