Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Мемлекеттік тілде білім алатын оқушының саны жыл санап артып келе жатқан Рудныйдағы ағайын 2023 жылы іргетасы қаланған қазақ мектебінің ашылуын асыға күткен еді. Көптен күткен білім ордасы есігін айқара ашқан күн де келіп жетті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ел игілігіне берілген білім ошағында 900 бала оқитын болады.
Мектеп оқушыларын, ұстаздарды, ата-аналар қауымын арнайы құттықтай барған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жаңа мектептің ашылуына орай өткен салтанатты іс-шараға қатысып, көпшілікке білім саласында болып жатқан оң өзгерістерді құлаққағыс етті.
«Бүгінгі мектептің ашылуы – ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен, сондай-ақ қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өңірде Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде 4500 орындық 6 мектеп ашылды. Біздің өңіріміз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындады. Енді біздің алдымызда осы мектептердің әлеуетін тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, оларды елге пайдасы тиетін саналы азамат етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Жаңа мектеп құтты болсын! Баршаңызға сәттілік, мектеп ұжымына жемісті еңбек пен толағай табыстар тілеймін!», деді әкім орынбасары.
Рудный қаласының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Ғабдолла Ахметжанов ақсақал да мектеп шәкірттеріне ізгі тілек, ақыл-кеңесін айтып, ақ батасын берді.
Алты корпустан тұратын үш қабатты жаңа мектептің сыныптары баланың сапалы білім алуына қажет заманауи әдістемелік құралдармен, компьютер құрылғылары, интерактивті тақтамен жабдықталған. Шет тілдер кабинеттеріне лингафон орнатылған. Білім ордасында оқушының қарым-қабілетінің жан-жақты ұшталуына барлық жағдай жасалғаны көзге ұрып тұр. Кіші, орта, жоғары буын оқушылары бір-бірінен бөлек жеке блоктарда білім алады. Баланың таным өрісін кеңейтіп, ғылыми ізденіске жетелейтін арнайы химия, биология, физика, информатика, роботтехника пәндік кабинеттері, сондай-ақ STEAM-зертханасы бар.
Мектептің 3 спорт залы, хореография залы, кең мәжілісханасы, жайлы асхана жұмыс істеп тұр. Еңбекке баулу шеберханаларына түрлі станоктар, тігін машиналары қойылған. Аулада оқушылардың жүріп-тұруына, отырып демалуына қолайлы бірнеше алаң бар.
Білім ордасының кіре берісі мен әр қабатына ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған лифт, пандус орнатылған. Арнайы жабдықталған санитар бөлмелері, инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істеп жатыр.
Жаңа мектепте 62 адам, оның ішінде 34 мұғалім жұмыс істейді. Білім ордасында, қазірше, 400-ден астам оқушы білім алып жатыр. Алайда алдағы оқу жылына дейін бала саны 900-ден кем болмайды.
«Мектептің кітапханасы өте кең екен. Мұндағы бай кітап қоры біздің жан-жақты білім алып, еліміздің тарихи, мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сондай-ақ өте ыңғайлы коворкинг аймақтарды, өнер студиясын көріп таңқалып отырмын. Сабақ оқып, шығармашылықпен айналысуға қолайлы», дейді 6 сынып оқушысы Ажар Рүстемова.
Рудныйдағы №8 қазақ мектебі – өңірде кейінгі бірнеше жылдың ішінде пайдалануға берілген алтыншы білім ордасы. Бұған дейін Қостанай мен Арқалықта, сондай-ақ Заречный, Құсмұрын ауылдарында 5 келешек мектебі пайдалануға берілген.
Қостанай облысы
Соңғы жаңалықтар
Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?
Руханият • Бүгін, 08:15
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 08:10
Өнер • Бүгін, 08:05
«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді
Басылым • Бүгін, 08:00
Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды
Жануарлар • Кеше
Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды
Инвестиция • Кеше
Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат
Ата заң • Кеше
Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң
Ата заң • Кеше
Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады
Спорт • Кеше
Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды
Аймақтар • Кеше
Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды
Дін • Кеше
Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?
Саясат • Кеше
Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Кеше
Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды
Ата заң • Кеше