Рудныйда сот орындаушысына пышақ сілтеген ер адам өмір бойына сотталуы мүмкін

29.05.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: istockphoto.com

Ақпан айында болған оқиғаға сот орындаушысы Жансұлу Хамзина мен борышкер арасында ұзаққа созылған дау-дамай себеп болған. Өткен жылдың соңында сот орындаушысы алимент қарызы үшін ер адамды әкімшілік қамауға алдыртып, 2026 жылдың басында оған мүлкін пайдалануға шектеу қойған.

Ашуға булыққан борышкер сот орындаушысын жұмыстан кейін аңдып, ізіне түскен. Көлік салонына кіріп, өзін жеткізіп салуды талап еткен ол қарсылыққа тап болған соң керамикалық пышақпен әйелдің бетін бірнеше рет тіліп тастаған. Зардап шеккен әйел көліктен шығып үлгеріп, жақын маңдағы дүкенге барып полиция шақырған.

Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті

Тергеу органдары оның әрекетін сот орындаушысының өміріне қол сұғу бабы бойынша саралаған. Егер кінәсі дәлелденсе, айыпталушы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. Іс алқабилердің қатысуымен қаралады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында дүкен ішінде әйел адам сатушыға пышақ ала жүгіргенін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью