Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламның жаңа кітабы көпшілікке таныстырылды. «Рим Папасы Франциск пен Әл-Азһардың Жоғарғы имамы: күрделі жол – адамзаттың бауырластығы туралы құжаттың дүниеге келуі» деп аталатын бұл еңбек қазақ тілінде жарық көрді.
Іс-шараға Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев, аталған кітаптың авторы, Парламент депутаттары, дипломаттар, дін өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. М.Әшімбаев салтанатты рәсімге қатысушыларға ілтипат білдіре келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам жаһандық деңгейде конфессияаралық және мәдениетаралық диалогті нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен мақсаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Әл-Азһар университеті арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі мен осы жолдағы табанды әрі жүйелі еңбегі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын атап өтті.
Айта кетсек, Президент Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламды қабылдаған еді. Сенат төрағасы Мемлекет басшысы қазір адамзат бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын, геосаяси ахуал, мәдени және діни алауыздық, климаттық дағдарыс пен әлеуметтік теңсіздік ушыға түскенін бірнеше рет атап өткенін де айтты. Осыған байланысты бүгінде бауырластыққа бастайтын диалог пен рухани дипломатияның маңызы арта түсті.
– Елімізде адамзаттың ынтымағын көздейтін бастамаларға үнемі баса мән беріліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениетаралық және өркениетаралық диалогті дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, сындарлы және өзара құрметке негізделген диалог – орнықты дамудың кепілі. Сондықтан еліміз әлемдегі бейбітшілікті және сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға арналған бастамаларды дәйекті түрде қолдайды. Бұл ретте бейбітшілік пен диалог мәдениетін ілгерілетуге және өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтуға үндейтін жобалардың маңызы зор, – деді М.Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат төрағасы 2019 жылы қабылданған «Адамзаттың бауырластығы туралы құжат» барша адам баласын ортақ құндылықтарға табан тіреп, бейбіт қатар өмір сүруге шақырған бірегей үндеу болғанын атап өтті. Көпшілікке таныстырылған кітапта сол тарихи құжаттың мән-маңызын терең түсіндіретін тың ойлар, сараптамалық тұжырымдар және философиялық пайымдаулар жүйеленіп берілген.
Еңбек қазақтілді оқырмандарға алғаш рет ұсынылып отыр. М.Әшімбаев бұл қадам еліміздің жаһандық деңгейде бейбітшілік пен келісімді нығайту жолында маңызды рөлге ие екенін көрсететінін айтып өтті. Бұған еліміздің бастамасымен тұрақты өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі және қазақ жерінде көптеген этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп отырғаны айқын дәлел болады. Сондықтан жаңа кітап Қазақстанның дінаралық диалогті нығайту бағытындағы тәжірибесін одан әрі дәріптеуге үлес қоспақ.
Іс-шара барысында кітап авторы Мұхаммед Әбделсалам адамзаттың бауырластығын көздейтін бастамаға қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ кездесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, Қасиетті Тақтың Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциі Джордж Панамтундил және Конфессияаралық және дінаралық диалогтің халықаралық орталығының басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай сөз сөйледі.
Соңғы жаңалықтар
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 09:39
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:06
Рухани дипломатияның маңызы арта түсті
Саясат • Бүгін, 09:00
Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды
Саясат • Бүгін, 08:58
Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба
Қоғам • Бүгін, 08:55
Саясат • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады
Саясат • Бүгін, 08:48
Технология • Бүгін, 08:45
Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ
Референдум • Бүгін, 08:43
Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?
Экология • Бүгін, 08:40
Референдум өткізу жоспары бекітілді
Референдум • Бүгін, 08:38
Цифрлық емхананың онлайн кеңесі
Digital • Бүгін, 08:35