Рұқсатсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс : Бектенов министрге тапсырма берді

12.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов шаруаларға биыл су тапшылығы болатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің бүгінгі отырысында көктемгі егістік жұмыстары пысықталды.

"Жалпы, былай қарасақ, су тапшылығы болады. Оны қазірдің өзінде көріп отырмыз ғой. Сондықтан әр облыс үшін лимиттерді бекіттік пе, соны қатаң бақылау керек. Министрліктің рұқсатынсыз бір тамшы су берілмеуі тиіс", - деді Бектенов.

Осы орайда ол су ресурстары министрінен Шардара су құбыры жайында сұрады. Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, құбырдың құрылысы бір жарым айдың ішінде аяқталады.

"Жоспар бойынша 1 шілдеге дейін толық аяқталуы керек. Қаражат 100 пайызға шешілген", - деді Нұржігітов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью